Банк пен қаржы

Отбасы банк Қырғызстан нарығына шықпақшы

фото: Серікжан Қобыланбаев

Отбасы банк еншілес компания құрып,  Орталық Азия нарығына шығуды жоспарлап отыр. Оның ішінде Қырғызстан мен Өзбекстан бар. Бірақ нақты шешім қабылданған жоқ, түрлі нұсқаларды қарастырып жатыр. «Курсивтің» сауалына берген жауабында банк осылай деп мәлімдеді.

Бұл нарықты қызығушылығын банк өңірдің қарқынды дамуымен, тарихи-мәдени және институционалдық ұқсастықтармен, сондай-ақ исламдық қаржы құралдарына қызығушылықтың артуымен түсіндіреді.

Халықаралық жобалар іске асқан жағдайда банк тиісті елдердің заңнамасына сәйкес және нарықтық шарттар негізінде жұмыс істемек. Бюджеттік субсидиялау тетіктерін экспорттау жоспарланбайды, яғни шетелде жеңілдетілген бағдарламалар ұсынылмайды.

Сонымен қатар банкте бизнес-модельді трансформациялау және өнімдер желісін кеңейту мәселесі талқыланып жатыр. Ықтимал бағыттар қатарында исламдық қаржыландыруды дамыту, лизингтік құралдарды іске қосу, сондай-ақ жобаларды талдау мен құрылымдауға белсендірек қатысу бар.

Осыған дейін «Отбасы банктің» ислам ипотекасын іске қоспақшы екенін жазған едік.