
АҚШ президенті Дональд Трамп Қазақстанды өте бай әрі керемет ел деп атады. Бұл туралы ол Вашингтонда өтіп жатқан Бейбітшілік кеңесі отырысында айтты.
«Тоқаев, Қазақстан, сізге үлкен рахмет. Қазақстан қандай ел. Мұндай сұрағыңыз болса айтайын, бұл керемет ел және бай мемлекет. Бүгін мұнда бақуатты адамдар жиналды», – деді АҚШ президенті.
Трамп Қазақстан президентіне алғыс айта отырып, сондай-ақ, Қазақстанның Газа секторындағы жағдайды тұрақтандыру үшін бейбітшілік миссиясын жіберуге келіскенін мәлімдеді.
Қазақстанмен қоса, ол Индонезия, Марокко, Албания, Косово сынды елдерді жекелеп атап, Газада тұрақтылық орнату үшін әскерилер мен полиция қызметкерлерін жіберуге әзір деді.
АҚШ-та өтіп жатқан Бейбітшілік кеңесінің инаугурациялық отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта сөз сөйледі.
Іс-шара Вашингтондағы Дональд Трамп атындағы бейбітшілік институтында өтіп жатыр.
22 қаңтарда Давос форумында «Бейбітшілік кеңесі» таныстырылды. Бейбітшілік кеңесі – Трамптың Газадағы жағдайды реттеу үшін құрған ұйым. Оның Жарғысына Қазақстан, Өзбекстан, Венгрия және Армения тәрізді 18 ел қатысты.