
Қазақстан алдағы бес жыл ішінде палестиналық студенттерге 500 оқу грантын бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы АҚШ-та өткен Бейбітшілік кеңесінің отырысында Қазақстан президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Алдағы бес жыл ішінде палестиналық студенттерге Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алу үшін 500 грант бөлу жоспарланып отыр», – деді президент.
Тоқаев Қазақстан Газа аймағындағы азық-түлік қауіпсіздігін арттыру мақсатында гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Сонымен қатар, ол Қазақстанның халықаралық деңгейде мойындалған электронды үкімет саласындағы тәжірибесімен және цифрлық шешімдерімен бөлісуге әзір екенін және ISF-ті қолдау мақсатында әскери және медициналық бөлімшелерді жіберуге, сондай-ақ Азаматтық-әскери үйлестіру орталығына байқаушылар ұсынуға дайын екенін атап өтті.
Іс-шара Вашингтондағы Дональд Трамп атындағы бейбітшілік институтында өтті. Осының алдында Трамптың өз сөзі кезінде Қазақстанды «өте бай мемлекет» деп атап, Тоқаевқа алғыс айтқанын жазған едік.
22 қаңтарда Давос форумында «Бейбітшілік кеңесі» таныстырылды. Бейбітшілік кеңесі – Трамптың Газадағы жағдайды реттеу үшін құрған ұйым. Оның Жарғысына Қазақстан, Өзбекстан, Венгрия және Армения тәрізді 18 ел қатысты.