
19 ақпанда Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарында 8 спорт түрі бойынша жарыстар өтеді. Бейсенбі күні жалпы саны 7 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Осы күні жүлделер әйелдер хоккейінде, мәнерлеп сырғанауда, фристайлда, ски-альпинизмде, шаңғы қоссайысында және конькимен жүгіру спортында ойнатылады.
19 ақпанда сынға түсетін қазақстандықтар
Фристайл-акробатика (ерлер, біліктілік кезеңі):
- Шерзод Хаширбаев
- Дінмұхаммед Райымқұлов
- Роман Иванов
- Асылхан Асан
Жарыстың басталу уақыты – 17:00.
Самоделкина еркін бағдарламада
Миланда өтетін әйелдер арасындағы жеке сайыста мәнерлеп сырғанаудың еркін бағдарламасының кестесі белгілі болды. Қазақстан атынан өнер көрсететін Софья Самоделкина 19 ақпан күні мұз айдынға шығады.
Қысқа бағдарлама қорытындысы бойынша Самоделкина 68,47 ұпай жинап, 12-орынға тұрақтаған еді. Осы нәтижесінің арқасында еркін бағдарламаға қатысушылар қатарына енді.
Еркін бағдарлама 19 ақпан күні сағат 23:00-де басталады. Тікелей трансляцияны Qazsport арнасынан көруге болады.