Жаңалықтар

Референдумға заңсыз сауалнама жүргізгені үшін айыппұл салына бастады

Референдумға заңсыз сауалнама жүргізгені үшін айыппұл салына бастады / Фото: Shutterstock

Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа Конституция бойынша республикалық референдум алдында қоғамдық пікірді сұрау жөнінде жүгінген. Ведомство алғашқы бұзушылықтарды тіркеп, айыппұл салды.

Естеріңізге сала кетейік, референдум 2026 жылдың 15 наурызына белгіленген. Қазақстандықтарға жобасы 12 ақпанда жарияланған жаңа Конституцияны қабылдауға жауап беру ұсынылады.

Бас прокуратура референдумға дайындық кезеңінде Орталық сайлау комиссиясын (ОСК) алдын ала хабардар еткен кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар ғана сауалнама жүргізе алатынын еске салды. БАҚ нәтижелерін жариялау кезінде Орындаушыны, Тапсырыс берушіні, зерттеу мерзімдерін, әдісін, сондай-ақ, респонденттердің саны мен қатесін көрсетуге міндетті.

«Бүгінгі таңда төрт бұзушылық анықталды, оның ішінде республикалық референдумға байланысты қоғамдық пікірді заңсыз сұраудың үш фактісі және осындай сауалнаманың қорытындыларын тиісті деректемелерсіз жариялаудың бір фактісі. Екі жағдайда сауалнаманы жеке тұлғалар, ал екінші жағдайда Орталық референдум комиссиясының функцияларын орындайтын ОСК-ға алдын ала хабарламаған заңды тұлға жүргізді», – деді Бас Прокурордың орынбасары Өтегенов.

Сонымен қатар, сауалнама нәтижесін дауыс беруге дейін бес күн ішінде және референдум күнінің өзінде жариялауға тыйым салынады, ал дауыс беру күні учаскелерде сауалнамалар жүргізуге болмайды.

Прокуратура референдумды дайындау мен өткізудің барлық кезеңдерінде заңның сақталуын бақылайтынын атап өтіп, қазақстандықтарды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.