
Президент Тоқаев жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды. Ол Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, Америкадағы ресми тұлғалармен кездесу өткізбекші деп хабарлайды Ақордадан.
Тоқаев АҚШ-тағы сапарын сол жақта білім алып жүрген қазақстандықтармен кездесуден бастады. Оларға наурызда өтетін жаңа Конституциясы жобасы бойынша өтетін жалпыхалықтық референдум жайлы айтып, оның тарихи маңызы зор екенін атап өтті.
Ал білімгерлер мен жас зерттеушілер ғылым және білім саласына жан-жақты қолдау көрсеткені үшін мемлекет басшысына алғыс айтты.
Тоқаев қатысуы керек Бейбітшілік кеңесі – Трамптың Газадағы жағдайды реттеу үшін құрған ұйым. Оның Жарғысына Қазақстан, Өзбекстан, Венгрия және Армения тәрізді 18 ел қатысты.