Жалған 5000 теңгені қалай ажыратамыз

Былтыр елімізде жалған 203 банкнота мен 3 монета жасалған. Былтырғымен салыстырғанда жалған ақша жасау екі есе көбейген деп хабарлайды Ұлттық банктен.
Ең көп қолдан жасалған банкнота – 5000 теңге (174 дана). Одан кейінгі орында 10 000 теңгелік және 2000 теңгелік банкноталар тұр.
Осыған орай Ұлттық банк мамандары шын және жалған ақшаны ажыратуға көмектесетін кеңестер ұсынады.
Жалған банкнота көбінде офсеттік қағаздан жасалады және компьютерлік техника мен түрлі түсті принтер қолданылады.

Қолдан жасалған банкнотада сутамғы белгісі болмайды

Жалған ақшадағы патч элементінің көлемі анық емес, көмексі болады, себебі ол жая бояумен кескінделген. Жарықтан голографиялық әсері сезілмейді және номинал бейнесі ою-өрнекке ауыспайды. Түпнұсқада патч анық көрініп тұрады.

ҚР заңнамасы бойынша, ақшаны қолдау жасау заңмен қудаланады. Егер қолданыста жүрген жалған банкноталарды байқасаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласу керек.
Ал ескі ақша болса, оны екінші деңгейлі банктер мен Ұлттық банктің бөлімшелеріне апарып өткізу керек.