Мораторийге қарамастан Алматыда бензин бағасы қымбаттап жатыр ма

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
бензин АИ-92
Энергетика министрлігі АИ-92 бағасының өсуі туралы қауесеттерге жауап берді / Фото: shutterstock

Әлеуметтік желілерде Алматыдағы жанар-жағар май құю бекеттерінде бензин бағасының шамамен 10 теңгеге қымбаттағаны туралы жазбалар пайда болды. Азаматтар бағаның өскенін Helios, Qazaq Oil және Royal Petrol-дың жанар-жағар май құю бекеттеріндегі таблодан байқаған. Осыған орай Kursiv.media тілшісі Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтан түсініктеме беруін сұрады.

Сұңғат Есімханов бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ол бензин бағасы қымбаттамағанына сенімді.

«Helios пен Qazaq Oil ірі жүйелер. Олар 10 теңге түгілі 1 теңге қосса, біздің әріптестеріміз бірден біліп, шара қолданады. Ірі компаниялардың бірден 10 теңгеге қымбаттады дегенге сене қоймаймын. Күнделікті бақылап отырмыз. Нақты факт болса, әріптестеріміз тексеріп, шара қолданады» – деп мәлімдеді вице-министр.

Вице-министр АИ-95 және АИ-98 маркалы бензиннің құнын мемлекет реттемейтінін еске салды. Олардың бағасы нарықтағы жағдайға байланысты қалыптасады. Ал мораторий АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасына қатысты енгізілген.

Мораторий 2026 жылғы алғашқы тоқсанның соңына дейін әрекет етеді.

Бүгінде ірі жанармай желілерінде АИ-92 литрі үшін 239 теңгеденден, АИ-95 литрі үшін орташа 319 теңгеден сатылып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз