
Geely компаниясы қосымша аккумуляторы бар және электрмен жүру қашықтығы ұлғайтылған Galaxy Starshine 6 седанның жаңартылған нұсқасын әзірлеуде. Бұл туралы Carnewschina басылымы хабарлады.
Бұл толыққанды D-класстағы седан. Көлік өлшемдеріне келсек, ұзындығы – 4806 мм, ені – 1886 мм, биіктігі – 1490 мм, дөңгелек базасы – 2756 мм болады.
1,5 литрлік атмосфералық қозғалтқыш (82 кВт / 110 а.к.) электромотормен жұптасады. Қуат жүйесі EM-i сериясына жатады. Максималды жылдамдық – 180 км/сағ.
Седан батарея сыйымдылығы (28,3 кВт·сағ) мен электр қуатымен жүру қашықтығы (шамамен 170 км, CLTC циклінде) жағынан ерекшеленеді.
Еске салсақ, бұрынғы нұсқаларда батарея сыйымдылығы 8,5 және 17 кВт·сағ болатын, ал электрлік қашықтық тиісінше 60 және 125 км еді. Яғни жаңа нұсқада электрлік қашықтық шамамен 45 шақырымға артқан.
Дизайн және интерьер
Сыртқы көрінісі мен ішкі интерьері өзгермеген. Отын шығынына келсек, бұрынғы нұсқаларда гибридтік режимде шығын 3,8–3,9 л/100 км болған. Жаңартылған модельде де осындай көрсеткіш сақталады деп күтілуде.
Бағасы
Қытайда: 74,8–105,8 мың юань (шамамен 5,3–7,5 млн теңге), жабдықталу деңгейіне байланысты. Ал Қазақстанда Starshine әзірлемеде ресми түрде сатылмайды. Бірақ Geely Galaxy Preface, Galaxy EX5, EX5 EM-i және Cityray модельдері бар.
Гибридтер мен электромобильдерге сұраныс өскенін ескерсек, электр қашықтығы ұзағырақ болатын бұл модель Қазақстан нарығын да қызықтыруы мүмкін. Өйткені, электрлік жүру қашықтығы үлкен, отын шығыны үнемді.
Еске салайық, жуырда Geely Coolray кроссоверінің жаңартылған нұсқасы Қазақстан нарығына келді. Жаңа модель төрт жинақта ұсынылады: Standard, Comfort, Flagship және Flagship Sport Pack. Бағасы 9,7 млн теңгеден басталады.