77,8 млн теңге салық төленбеген: Павлодарда 12 компания тексеруге ілікті

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

Павлодарда құрылыс компаниялары жылжымайтын мүлік сатудан түскен табысты декларацияда көрсетпей, бюджетке жүздеген миллион теңге шығын келтірген. Бұл жөнінде Бас прокуратура мәлімдеді.

Төленбеген салық

«Құрылыс компанияларының бірі тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған 43 нысанды сатқан. Алайда бұл туралы мәліметтер декларацияда көрсетілмеген. Нәтижесінде компания салықтық міндеттемелерін жасырып, 77,8 млн теңге көлемінде корпоративтік табыс салығын төлемеген», – делінген хабарламада.

Бюджетке қайтарылған сома

Осындай заңбұзушылықтар тағы 12 құрылыс компаниясы бойынша анықталған. Прокуратура өкілдері табысты жасыру фактілері жүйелі сипат алғанын айтады.

Павлодар облысы прокуратурасының қадағалау актілері нәтижесінде 120 млн теңге бюджетке өндіріліп алынған.

Сондай-ақ оқыңыз