Астанада жүк газелі отқа оранды
Жарияланды

Елордадағы Есіл ауданында Әл-Фараби көшесінде жүк көлігі өртенді. Өрт сөндірушілер төтенше жағдай орнына келіп, ауа-механикалық көбіктің көмегімен өртті тез сөндірді.
«Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері үйлесімді жұмыс істеді. Соның арқасында өрт таралмай тұрып, оны оқшаулауға мүмкіндік туды», — деп атап өтті ведомстводан.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және кетер алдында техниканың жарамдылығын тексеруді еске салды.