Авто

Астананың 7 көшесінде автобус жолақтары пайда болады

Фото: kursiv.media, Асқар Ахметуллин

Астана әкімдігі қоғамдық көлікке арналған тағы жеті жолақ салуды жоспарлап отыр. Олардың жалпы ұзындығы 30 км болады. Бұл туралы kursiv.media kolesa.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ол мына бөліктерде болады:

  • Керей мен Жәнібек хандар көшесі (Тұран даңғылынан бастап);
  • Ұлы дала даңғылы (Тұраннан Мәңгілік елге дейін);
  • Қошқарбаев даңғылы (Тәуелсіздік даңғылынан Төлебаев көшесіне дейін);
  • Алаш тас жолы (көпір, Уәлихановтан Жетігенге дейін);
  • Тәуелсіздік даңғылы (Пушкиннен Қажымұқанға дейін, Момышұлыдан Байтұрсыновқа дейін және Нәжімеденовтен Керей-Жәнібек хандарға дейін);
  • Момышұлы даңғылы (Тоқпановтан Қошқарбаевқа дейін);
  • Пушкин көшесі (Циолковскийден көпірдің соңына дейін).

Қазіргі уақытта Астанада 31 учаскеде Bus Lane жолақтары бар, олардың жалпы ұзындығы 140 шақырымды құрайды. Салыстырмалы түрде алсақ, Алматыдағы арнайы жолақтың ұзындығы 177 километрге жетеді.