
Актер Ерболат Әлқожаев әлдебіреудің әйеліне гүл сыйлағанын көріп, қатты қызғанды. Тіпті сол үшін дауласып қалды.
Ол жұбай екеуінің «араздасқан» бейнежазбасын әлеуметтік желіге жариялады.
«Неге екенін білмеймін, өз басым гүл сыйлауға жоқпын. Бұл менің кемшілігім шығар. Бүгін әйелімен біреу мынадай гүл сыйлапты. Шоколадымен. Құдайға шүкір, қыздар сыйлаған екен, әйтеуір. Еркек сыйласа, быт-шыт болатын едік», – деп сабасына түсті актер.
Актер әйеліне гүлдің орнына ақша сыйлайтынын айтып, кінәсін жуып-шаймақ болды. Десе де, әйелін қызғанғаны анық көрінді.
«Ұстамашы, мына гүлді! Ақшаны құшақтайсың ба, әлде, гүлді құшақтайсың ба? Шыныңды айт. Ақша немесе гүл? Таңда!», – деп, қызғанышын баса алмай, дүрсе қоя берді.
Мұның алдында Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі кастинг жариялаған еді.