Дана Тұрарбек Жанар Айжановадан кешірім сұрап күлкі етті (видео)

Жарияланды 20 Ақпан 2026 16:52

Шадияр Өстемір

Шадияр Өстемір

General News бөлімінің тілшісі s.ostemir@kursiv.media
Дана Тұрарбек Жанар Айжанованың дауысын естіп өскенін алға тартты / фото:  коллаж / Рауан Мутаир
Дана Тұрарбек Жанар Айжанованың дауысын естіп өскенін алға тартты / фото: коллаж / Рауан Мутаир

«Өнер қырандарының» актрисасы Дана Тұрарбек әнші Жанар Айжановадан кешірім сұрағандай болып қайта әзілдеп кетті.

Актриса әнші апайынан кешірім сұрағанмен, қалай пародия жасап кеткенін аңғармай қалғандай түр көрсетті.

 «Осыдан он жыл бұрын жасаған қателігі үшін дүйім жұрттың алдына шығып кешірім сұрағым келеді.  Иә, білем көп уақыт өтіп кетті. Бірақ жақсылықтың ерте кеші жоқ дейді. Бүкіл халықтың алдында пародия жасағаным үшін Жанар Айжанова апамнан кешірім сұраймын», – деді Дана Тұрарбек.

Айтуынша, ол Жанар апайын қатты сыйлайды. Жақсы көреді. Жанар Айжанованың дауысын естіп өскенін алға тартты.

«Сізге еліктедік. «Мына кісінің ішіне балаша балғын дауыс қалай сыяды» деп таңырқадық. Үйде жүрген кезде газдың бетіндегі қазанның қақпағын жаппай: «Әй, қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді деген. Үйбәй, қай бетімді ұстайын. Жабыңдар ананы» деп үйде (пародия – ред) салып жүргенмін», – деп ақталды актриса.  

Сонда театрдағы өзге әртістер «күшті саласың», «мықтысың» деп мақтаған.  

«Мен де еліріп, «Мысық та өзін жолбарыс көреді» «дейді ғой, бір қарасам республика сарайының сахнасында «айым ба екен ай , күнім бекен ай», деп ұрып тұрмын. Кешіріңіз, Жанар апай», – деді Дана Тұрарбек Жанар Айжанованың даусымен.

Оның сөзінше, Жанар Айжанованың даусына еріксіз пародия салып кеткенін өзі де байқамай қала береді.

«Енді салмаймын,  кешірім сұраймын. Қайтадан салып қойсам, қайтадан кешірім сұраймын», – деді актриса.

Айта кететін жайт, «Өнер қырандары» айтыстан қашып жүрген ақындарды сөзбен сойып салған еді.

Сондай-ақ оқыңыз