
Динара Қырықбаева кішкентай қызын әлдебіреу шапалақпен ұрғанын, қатты ашу шақырып, оған қалайша араша түскенін айтты.
«Кеше менің қызымды біреу шапалақпен ұрды. Мен ол үшін өмір сүріп бере алмаймын. Бірақ мен оған тіреу бола аламын. Сонда ол өзінің бағасын білетін болады», – деді.
Әнші қатты ызыға булыққанын жасыра алмады. Сөзіне қарағанда, ол есін жинап, оны ұрған баланың анасына қоңырау соққан.
«Айғайға баспадым. Жұрттың көзінше жаға жыртыспадық. Болған жайтты ғана айттым», – дейді Динара Қырықбаева.
Баланың анасы әкесіне айтып, онымен жақсылап сөйлесуге уәде берген. Әкесі де кешірім сұрауға келмек. Әнші қызын ұрған баламен бүкіл сыныптың алдында сөйлескен. Ертең оқу ісінің меңгерушісімен кездеспек.
«Менің гүлдеріме құрметсіздік көрсетуге жол бермеймін. Бұл тек ол бала үшін ғана емес, сыныптағы басқа балалар үшін де сабақ болады. Бір рет қол көтерсең, бұл сенің тарихыңа жазылады», – дейді ол.
Динара Қырықбаева ұлдарына да қатаң қарайтынын алға тартып отыр.
«Қыз деген гүл. Оларға қол көтеруге, ренжітуге, қорлауға болмайды деп түсіндіремін», – дейді әнші.
Бұған дейін, әнші Мархаба Сәби жақында ана атанғалы отырғанын жазғанбыз.