Lifestyle

Ернар Айдар Рамазан айында өзін ренжіткен жандарды кешіргенін айтты (видео)

Әнші адамдарды бір-біріне кешіріммен, мейіріммен қарауға шақырды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов
Әнші адамдарды бір-біріне кешіріммен, мейіріммен қарауға шақырды / Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Әнші Ернар Айдар қасиетті Рамазан айында өзі көңілін қалдырған адамдардан кешірім сұрады.

«Ауа райы қандай керемет. Көктем болып тұр. Қасиетті Рамазан айы баршаңызға құтты болсын. Бұл – іштегі ауыр сөзді, кекті, өкпе ренішті шығарып тастап, бір-бірімізге кешіріммен, бірі-бірімізге мейіріммен қарайтын ерекше ай», – деді Арнар Айдар.

Әнші жаратушыдан барша жандардың біліп-білмей істеген күнәларын, қателіктерін кешіруді сұрады.  

«Араларыңызда көңілдеріңізді қалдырып қойған жандар болса, баршаңыздан кешірім сұраймын. Мен де өзімді ренжіткен жандарды кешірдім. Рамазан айы мүбәрак болсын. Алла-Тағала Рамазан айын қарызсыз өтеп шығуды жазсын», – деді әнші.

Мұның алдында Ернар Айдар арба айдаған базарды сағынышпен еске алды.