Марихуана табылған шетелдік жолаушы жауапқа тартылды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Ер адам аталған есірткі затын өзі тұтыну үшін сақтағанын айтты / фото: Polisia.kz
Ер адам аталған есірткі затын өзі тұтыну үшін сақтағанын айтты / фото: Polisia.kz

Шетел азаматы есірткі заттарын шекара арқылы заңсыз тасымалдағаны үшін жауапкершілікке тартылды.

Polisia.kz. хабарлауынша, Саратов – Алматы бағытындағы жолаушылар пойызын патрульдеу кезінде қызметтік-іздестіру иті жолаушылардың бірін нұсқаған.

Күдікті – Қазақстан аумағы арқылы транзитпен өтпек болған 50 жастағы шетел азаматы. Жеке тексеру барысында күдіктіден марихуана табылып, тәркіленді. Ер адам аталған есірткі затын өзі тұтыну үшін сақтағанын айтты.

Орал станциясындағы желілік полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізді. 11 ақпанда Тасқала ауданының соты шетел азаматын кінәлі деп танып, жауапқа тартты.

Мұның алдында Жамбыл облысында 95 келіден астам марихуанамен ұсталған тұрғын 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыз