
Америкалық әнші – атақты Pussycat Dolls тобының белді мүшесі Николь Шерзингер қазақстандық спортшыға алғыс білдірді.
Шерзингер XXV Қысқы олимпиададағы қойылымына «Sunset Boulevard» композициясын таңдап алған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаға алғыс айтты. Сондай-ақ Самоделкинаның Олимпиада ойындарындағы видеосын бөліскен.
Айта кетейік, Софья Самоделкина Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында мәнерлеп сырғанаудан 10-орынға тұрақтады. Қос бағдарлама қорытындысы бойынша Самоделкина 207.46 ұпай еншіледі. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіші 205.67 ұпай болған.
Одан бөлек қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарының чемпионы атанды.