«Ойыншықтар хикаясы 5» мультфильмінің ресми трейлері шықты

Жарияланды 20 Ақпан 2026 12:40

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: Pixar.com

Disney мен Pixar-дың сүйікті франшизасының жалғасы – «Ойыншықтар хикаясы 5» (Toy Story 5) 2026 жылдың 19 маусымында кинотеатрларда көрсетіледі.

Трейлерде көрсетілгендей, Ата-анасы кішкентай қызға Lilypad атты заманауи планшет сыйлайды. Бұл құрылғы баланы өзіне баураап, ойыншықтарды «қажетсіз» етіп тастайды.

Вуди, Базз Лайтер, Жесси және басқа да ескі достар қайта бірігіп, жаңа «қауіпке» – электроника мен смарт-құрылғыларға қарсы күреседі. Трейлерде Вуди мен Базздың қайта қауышуы, ескі кейіпкерлердің оралуы және жаңа қатысушы Lilypad-пен қақтығыс көрсетілген.

Қазақ тілінде дубляждалған ресми трейлерді YouTube-тан көруге болады.

Сондай-ақ оқыңыз