
Миланда өтіп жатқан XXV қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасында мәнерлеп сырғанаудан жеңімпаздар анықталды. Қазақстан атынан сынға түскен Софья Самоделкина 10-орынға тұрақтады. Спортшы мансабындағы ең жоғары ұпайды жинаған – 138.99 ұпай.
Қос бағдарлама қорытындысы бойынша Самоделкина 207.46 ұпай еншіледі. Бұған дейінгі ең жоғары көрсеткіші 205.67 ұпай болған.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар реті мынадай:
- 1-орын. Алиса Лю (АҚШ) – 226.79 ұпай (жеке рекордын жаңартты)
- 2-орын. Каори Сакамото (Жапония) – 224.90 ұпай
- 3-орын. Ами Накаи (Жапония) – 219.16 ұпай
Софья Самоделкинаның 10-орынға тұрақтауы Қазақстанның да бұл жарыстағы ең жоғары көрсеткіші ретінде тіркелді.
Қысқы Олимпиада ойындарының тарихында мәнерлеп сырғанаудан әйелдер арасында тек 2018 жылы ғана Элизабет Тұрсынбаева мен Айза Мамбекова өнер көрсеткен. Элизабет Тұрсынбаева сол кезде 12-орынға тұрақтаған.
Шайдоровтың жеңісі
Бұған дейін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарының чемпионы атанды.
Содан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайберген чемпионға көлік сыйлайтынын айтты. Ал inDriver компаниясы негізін қалаушы Арсен Томский Михаилдың әкесіне Audi Q8 автокөлігін сыйлады.
Ulytau Group компаниясы Шайдоровқа Астанадан үш бөлмелі пәтер сыйға беретін болды.