Референдум кезінде азаматтардың пікірін білуге құқылы ұйымдар тізімі бекітілді

Референдум кезінде азаматтардың пікірін білуге құқылы ұйымдар тізімі бекітілді.
Орталық референдум комиссиясы 6 ұйым атауын жариялады. Олар:
«Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы» қоғамдық бірлестігі – сауал қою әдісі: «face to face» сұхбаты;
«Қоғамдық пікір» зерттеу институты» ЖШС – сауал салу әдісі: телефон арқылы сауал қою;
«DATAMETRICS» ЖШС – сауал қою әдісі: CAPI технологиясын қолдана отырып, «face to face» жеке сұхбат әдісі арқылы;
«AMANAT партиясының қоғамдық саясат институты» жекеменшік мекемесі – сауал салу әдісі: сайлау учаскелерінен шығу кезінде «face to face» сұхбаты, телефон арқылы сауал қою, интернет арқылы сауал қою және exit-poll жүргізу арқылы жаппай сауал қою әдістері қолданылады;
«Еуразиялық интеграция институты» ЖШС – сауал қою әдісі: референдумда дауыс беру күні сайлау учаскелерінің шыға берісте қоғамдық пікір сауал қою exit-poll, сондай-ақ социологиялық зерттеулердің басқа түрлері де қолданылады (фокус-топтық пікірталас, сараптамалық сауал салу, «бетпе-бет» арқылы жаппай сауал қою);
«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ – сауал қою әдісі: телефон арқылы сауал қою.
Айта кетейік, референдумға заңсыз сауалнама жүргізгендерге айыппұл салына бастады. Бас прокуратура референдумға дайындық кезеңінде Орталық сайлау комиссиясын (ОСК) алдын ала хабардар еткен кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар ғана сауалнама жүргізе алатынын еске салды.
Референдум 2026 жылдың 15 наурызында өтеді. Қазақстандықтар жобасы 12 ақпанда жарияланған жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты сұраққа жауап беруге тиіс.