
Белгілі әнші Ділназ Ахмадиева режиссер Қанат Бейсекеевке берген сұхбатында ерекше баланың анасы екенін, оны қоғамға қалай бейімдеп жатқанын айтып берді.
«Баламның ерекше екенін бірден мойындай қоймадым. Тек бір жыл бұрын, балам төрт жарымға келгенде қабылдадым. Бұрынғыдай ашуланбайтын болдым. Сау балалардың ата-аналары ешқашан ерекше балалардың ата-анасын түсінбейді», – дейді ол.
Әнші баласы сау ата-аналар ерекше балалардың ата-анасына ешқашан ақыл айтпауы керек деп есептейді.
«Солардан қандай да бір кеңес естудің өзі ақылға қонымсыз. Жалпы мұндай адамдарға кеңес берудің өзі қажет емес. Сенімді жоғалтпай, алға жылжи беру керек. Бөтен адамдармен баламның жағдайын талқылау мүлде орынсыз деп есептеймін», – дейді ол.
Ділназ Ахмадиева ерекше балалардың ішінде үндемей бір нүктеге қарап отырып сөйлей кететіндері барын, ал кейбіреулері мүлде сөйлей алмайтынын айтты.
«Ата-апаларымыз әдетте бізде бала «сөйлеп кетеді» дейді. Бірақ олай емес, баламен көбірек айналысу керек. Иә, солай сөйлеп кеткендер бар. Біздің баламыздың диагнозын бір невропотолог жасқа толмаған кезінде сезді. Бір жарым жасына дейін әдеттегі баладай өсіп келе жатқан. Бір уақыттан кейін мультиктерді қатты көріп, басқа нәрселерге мүлде мән бермейтін болды. Баламыздың үш жарым жастан кейін ғана тілі шыға бастады. Жақында ғана «мама, папа» деп сөйлей бастады», – дейді ол.