
Швейцариялық трансұлттық Glencore компаниясы қазақстандық «Қазмырыш» компаниясындағы үлесін сату үшін келіссөздер жүргізіп жатыр. Компания үлесін кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп сатып алмақшы деп жазады Bloomberg.
Басылының дерегінше, Мүтәліп мырыш пен алтын өндіретін «Қазмырыш» компаниясының 70% үлесін сатып алмақшы. Мәміле құны 4-4,5 млрд доллар болуы мүмкін. Қызығы, активті сатып алу үшін қаржыны Мүтәліп Glencore өзінен алмақшы.
Мүтәліп активтерін кеңейтіп жатыр
Бұдан бөлек Мүтәліп тағы да екі келіссөздер жүргізіп жатыр. Алғашқысы – қазақстандық тау-кен өндіру тобы Eurasian Resources Group-ке (ERG) қатысты. Кәсіпкер осы компанияның үш тең құрылтайшысының екеуінің отбасына тиесілі 40% акциясын сатып алмақшы екен. Әзірге бұл мәмілеге қатысты басқа деректер белгісіз.
Ал үшінші жоба алтын өндіруші Altynalmas компаниясына қатысты. Шахмұрат Мүтәліп бұл компаниядан да үлес сатып алуға ниетті және инвесторлармен байланыс орнатып жатқан көрінеді.
Егер бұл жобалардың барлығы жүзеге асса, Қазақстандағы тау-кен өнеркәсіп саласында ойыншылар ауысып, елдегі негізгі ірі активтер бір кәсіпкердің шоғырлануына мүмкін.
Осыған дейін Шахмұрат Мүтәліптің «Астана» қаржы орталығында екі басқарушы компания тіркегенін жазған едік. Бұл ERG-дегі үлесті сатып алмақшы деген қауесетті одан әрі қыздыра түсті. Дегенмен компания акционерлері бұл ақпаратты жоққа шығарған еді.