Tesla сұранысты арттыру үшін Cybertruck көлігін айтарлықтай арзандатты

Tesla компаниясы пикап сатып алушылардың қатарын сиретіп алмас үшін АҚШ нарығына Cybertruck-тың жаңа нұсқасын шығарып, ең қымбат моделі – Cyberbeast-тің құнын айтарлықтай арзандатты. Бұл туралы Reuters басылымы жазады.
Электркөлік өндірушісі екі моторлы, толық жетекті (AWD) жаңа модельдің бағасын 59 990 доллар деп белгіледі. Бұл қазіргі таңда компания ұсынып отырған ең «арзан» Cybertruck саналады.
Сонымен қатар бұған дейін 114 990 долларға бағаланған Cyberbeast моделінің құны 99 990 долларға дейін түсті.
Нарықтағы жағдай қандай
Бағаны төмендетумен қатар, Tesla «Luxe Package» пакетінен бас тартқан көрінеді. Бұған дейін аталған пакеттің құрамында бақылаудағы толық автопилот (FSD) жүйесі мен Supercharger желісін тегін пайдалану мүмкіндігі қарастырылған болатын.
Бұл қызметтер жиынтығы өткен жылдың тамыз айында пикап бағасы көтерілген тұста енгізілген еді.
Tesla биылғы стратегиясында бағаны арзандатуға басымдық беріп отыр. Бұл жаңа модельді күтпей-ақ, үнемшіл сатып алушыларды тартудың негізгі құралына айналды.
Айта кетерлік тағы бір маңызды жайт, Илон Маск өткен айда компанияның Model X және Model S седандарын шығаруды тоқтататынын мәлімдеді. Калифорниядағы зауыттың босаған қуатты алдағы уақытта гуманоид роботтарды жасауға жұмсалмақ.
Tesla сәуірде Cybertruck электромобильдеріне бұрын-соңды болмаған жеңілдік жасаған.