Тоқаев америкалықтармен Қазақстанда жаңа зауыт салуға келісті

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: Ақорда

Америкалық Mars компаниясы Алатау қаласында жаңа зауыт салмақшы. Тоқаев АҚШ-қа ресми сапары кезінде осындай келісімге қол қойылды деп хабарлайды Ақорда.

Құжатқа сәйкес, Mars Алатау қаласында үй жануарларына арналған азық өндіретін зауыт салады. Жаңа өндіріс орны ауыл шаруашылығы өнімдерін жай ғана шикізат күйінде сатпай, терең өңдеп, одан қымбатырақ, дайын немесе жартылай дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Mars-тың атқарушы директоры Пол Вайраух екі тарапқа да тиімді келісімге қолдау көрсеткені үшін Тоқаевқа алғыс айтты. Ол аталған бастама Mars компаниясының Орталық Азия нарығына өнім шығару көлемін арттыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Айта кетейік, Тоқаев Трамп ұйымдастырған Бейбітшілік кеңесіне қатысу үшін жұмыс сапарымен АҚШ-та жүр. Кеше ол кеңес отырысында сөз сөйлеп,  Газаға және өзге өңірлерге гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз