Олимпиада 2026: 21 ақпанда жарыс жолына кімдер шығады

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: ҚР ҰОК

Бүгін, 21 ақпанда, қазақстандық саңлақтар Италиядағы қысқы Олимпиадада жарыстарын жалғастырып, үш спорт түрі бойынша сынға түседі.

  • 14:45 – Фристайл-акробатика, аралас командалық жарыс. Роман Иванов, Асан Асылхан және Аяна Жолдас қатысады. Финал 15:45-те өтеді. Тікелей эфир «Хабар» телеарнасында көрсетіледі.
  • 15:00 – Шаңғы жарысы, 50 шақырым масс-старт, ерлер. Наиль Башмаков пен Әмірғали Мұратбеков сынға түседі. Тікелей эфир Qazsport телеарнасында қолжетімді болады.
  • 19:50 – Коньки спорты, әйелдер масс-старт (жартылай финал). Елизавета Голубева қатысады. Финал 21:15-те басталады. Тікелей эфир Qazsport телеарнасында көрсетіледі.

Олимпиададағы медаль есептерінің алғашқы үштігі қазіргі таңда мынадай:

  • Норвегия – 37 медаль, соның ішінде 17 алтын;
  • АҚШ – 29 медаль, соның ішінде 10 алтын;
  • Италия – 27 медаль, соның ішінде 9 алтын.

Мәнерлеп сырғанаушы Михайл Шайдоровдың сенсациялық жеңісінің арқасында Қазақстан Бразилиямен бірге 19-орынды бөлісіп отыр, екі елдің де қоржынына бір алтын медаль бар. Бүгінгі күні Италиядағы Олимпиадада медаль алған елдер саны – 27.

Еске салайық, Михаил Шайдоров Миландағы Олимпиада мұражайына тарихи алтын алған костюмін тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз