Әйгілі Volga қайта оралады. Алғашқы көліктер қашан шығады

Әйгілі Volga маркасы нарыққа жаңа келбетте оралады. Қайта жаңартылған кеңестік модель Нижний Новгород қаласындағы зауытта өндірілетін болады. Аталған зауытта бұрын Škoda және Volkswagen автокөліктері өндіріліп келген еді. Алдын ала ақпарат бойынша, өндіріс 2026 жылдың екінші тоқсанында басталмақ, ал алғашқы автокөліктер дилерлік орталықтарға үшінші тоқсанда жеткізілетін болады.
Тіпті 2025 жылдың күзінде белгілі болғандай, жаңадан пайда болған Volga көліктері барлығына таныс Geely үлгілерінен тұрады. Тек жаңа логотиппен шығады, өйткені 2024 жылы жоспарланған Changan компаниясымен серіктестік іске аспады. Алғашқы кезеңде модельдік қатарда үш автокөлік ұсынылады:
- Орташа өлшемді кроссовер Volga K50 (яғни Geely Monjaro);
- 2 литрлік турбожанармай қозғалтқыштары бар бизнес-седан Volga C50 (Geely Preface);
- Кіші өлшемді кроссовер Volga K40, яғни Geely Atlas көшірмесі.

Жақында Volga ресми сайты іске қосылды, алайда қазір онда тек өндірістің жоғары сапасы мен сенімділігі және технологиялық тәуелсіздікке жол туралы жалпы мәлімдемелер ғана жарияланған. Автокөліктердің бағасы мен жабдықталуы туралы нақты ақпарат кейінірек қосылады.
Осыған дейін ресейлік автокөлік өндіруші Ульянов автокөлік зауытының (УАЗ) көлік экспортын едәуір кеңейтуді жоспарлап отырғаны жайлы жазған едік. 2025 жылы УАЗ 1 159 автокөлікті Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан, Моңғолия, Куба, Гондурас және Мысырға экспорттаған.