23 ақпанда ауа райы қандай болады
Жарияланды

Синоптиктер 2026 жылғы 23 ақпанға арналған Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады.
Болжам бойынша, дүйсенбі күні ел аумағындағы ауа райына солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді.
«Соның салдарынан Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады. Елдің солтүстігі мен шығысында қалың қар күтіледі», – делінген ауа райы болжамында.
Тек батыс өңірлерде антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.
Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
2ә ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтілген еді.