Air Arabia Рамазан айында ұшақ билеттеріне 40%-ға дейін жеңілдік жариялады

Әуе компаниясы қасиетті Рамазанның басталуына байланысты билеттерді брондауға арналған арнайы акция ұсынды.
Жеңілдікті пайдалану үшін компанияның ресми сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы RAMADAN промокодын енгізу қажет.
Акция шарттары
– Базалық тарифке – 20% жеңілдік;
– «Выгодный» тарифіне –30%;
– «Ultimate» тарифіне – 40% жеңілдік қарастырылған.
Компания өкілдері жеңілдікпен ұсынылатын билеттер саны шектеулі екенін және акция мерзімі аяқталғанға дейін сатылып кетуі мүмкін екенін ескертеді.
Мерзімі
2026 жылы Рамазан айы 19 ақпанда басталып, 19 наурызға дейін жалғасады.
Air Arabia штаб-пәтері Шарджа қаласында (БАӘ) орналасқан арабтың бюджеттік әуе компаниясы.
Компания жолаушылар тасымалын Шарджа және Александрия әуежайларынан, сондай-ақ Мароккодағы төрт әуежайдан іске асырады. Әуе рейстері Таяу Шығыс, Оңтүстік-Шығыс Азия, Еуропа және ТМД елдеріне бағытталған.
Айта кететін жайт, Air Arabia компаниясы Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша тікелей рейс ашты.