
Әнші Айдар Тұрғамбек азып кеткеніне қатты алаңдаған әкесіне уақыты келген кезде семіруге уәде берді.
Айдар Тұрғамбек әкесімен әңгімесін әлеуметтік желіге жария етті. Онда әкесінің баласының денсаулығына қатты алаңдағаны көрінеді. Қарияны ұлының көзінің айналасы қарайғаны, салмағының жоқтығы мазалайды.
«Әкем әлі арықтаусың. Рең-басың онша емес», - дейді Айдар Тұрғамбек.
Әкесі екі көзінің алды бояп алғандай қап-қара болып тұрғанын айтты.
«Тәбетім жақсы. Дәрумендер ішіп жатырмын. Бірақ уақыты келгенде семіреміз», – деп толып, салмақ қосуға уәде берді әнші.
Әкесі мәселе семіруде емес екен, сахнада қатарларымен тең болып тұрғаны жақсы екенін айтты. Қатты азғанын жеткізді.
Әке мен баланың арасындағы қысқаша әңгіме оқырмандарға отбасылық жылылық сыйлап отыр.
Мұның алдында Айдар Тұрғамбектің әкесі ұлының ұрлығын ашқан еді.