Авто

Haval H9: 2026 жылы қандай өзгеріске түсті

Ал 2026 жылы кроссовер технологиялық тұрғыда жетілдірілді / фото: Китайские-автомобили
Ал 2026 жылы кроссовер технологиялық тұрғыда жетілдірілді / фото: Китайские-автомобили

Haval H9 моделі 2014 жылдан бері нарықта. 2024 жылы шыққан екінші буын айтарлықтай жаңартылған еді.

Ал 2026 жылы кроссовер технологиялық тұрғыда жетілдірілді. Бұл туралы Қытай көліктерінің ресми сайты хабарлады.

Негізгі жаңалықтарға тоқталсақ, мультимедиа және практикалық дизайн шешімдері жаңартылған. Ең бастысы, H9 рамалық құрылымын және толыққанды жол талғамайтын архитектурасын сақтап қалды.

Тек бензин және классикалық автомат

Енді H9 тек 2,0 литрлік турбо-бензин қозғалтқышымен (218 а.к., 380 Нм) ұсынылмақ. Дизель нұсқасы алынып тасталды. Өндіруші Great Wall Motor мұны дизельге сұраныстың азаюымен және шығындардың өсуімен түсіндіреді.

Қозғалтқыш 8 сатылы гидромеханикалық автоматпен жұптасады. 0–100 км/сағ — 11,9 секунд. Орташа шығын — 10,6 л/100 км. АИ-92-ге бейімделген (дегенмен АИ-95 құю ұсынылады).

Нағыз жол талғамайтын мінез

Клиренс — 224 мм, кіру бұрышы — 31°, шығу бұрышы —25°. Базада қозғалтқыш, қорап және бак қорғанысы бар. Толық жетек Torque-on-Demand жүйесімен, төмендеткіш беріліспен жабдықталған. Артқы дифференциал құлпы стандартты, ал Premium нұсқасында алдыңғы құлып та бар.

Дизайны ыңғайлы

Сырт келбеті қатаң әрі геометриялық тартымды. Дөңгелек аркалары енді қара пластиктен жасалған. Сондықтан сызат пен соққыға төзімді. Радиатор торы күңгірт-сұр реңкке ауысқан. Бесінші есіктегі 15 келі жүк көтеретін сыртқы бокс сапарға шыққанға, демалысқа ыңғайлы.

Салоны ұсақ-түйекке дейін ойластырылған

14,6 дюймдік орталық экраны және 10,25” цифрлық панелі бар. Климат, жылыту, жол режимдері батырмалармен басқарылады. Бұл үлкен SUV үшін ыңғайлы.

Premium нұсқасында қос әйнек, дыбыс оқшаулағыш алдыңғы әйнек қарастырылған. 220 В қуаттағыш (400 Вт), 5 USB-порт, 50 Вт сымсыз қуаттау бар. Алдыңғы орындықтарда желдету және массаж жасау жүйесі бар. Артқы диваны жолушының ыңғайына қарай реттеледі. Қысқы пакет толық. Руль, әйнек, орындықтар жылытқышы кіреді.

Цифрлық экожүйе

Мультимедиаға «Яндекс Авто» енгізілген: карталар, музыка, кітаптар — барлығы аккаунт арқылы синхрондалады. Навигация деректері аспаптар панеліне де шығарылады.

Дауыстық ассистент 800-ге жуық команданы таниды. 150 функцияны басқарады. Сондай-ақ GWM Connection қосымшасы арқылы көлікті қашықтан іске қосу, климатты баптау, есікті құлыптау мүмкіндігі бар.

2026 жылғы H9 рамалық негізін сақтап қалды. Бірақ тұрмысқа ыңғайлы әрі цифрлық мүмкіндігі артқан заманауи жол талғамайтын көлік болып қала береді.