Қазақстан екінші рет үздік көрсеткішке қол жеткізді – ҰОК

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алтын медаль иегері, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров / фото: ҰОК
Алтын медаль иегері, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров / фото: ҰОК

Қазақстан қысқы Олимпиада тарихында екінші рет үздік көрсеткішке қол жеткізді.

Қазақстан құрамасы 1994 жылдан бері алғаш рет қысқы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алған.  

Ұлттық олимпиадалық комитет мәліметінше, медаль кестесінде Қазақстан 19-орынға жайғасты. Жалпы есепте Норвегия көш бастады. Екінші орынды АҚШ иеленсе, үздік үштікті Нидерланд құрамасы түйіндеді.

«1994 жылы қазақстандық спортшылар бір алтын, екі күміс медаль жеңіп алып, жалпы есепте 12-орын алған еді. Төрт жылдан кейін құраманың еншісінде екі қола болды. 2002 және 2006 жылдары Қазақстан жүлдесіз қалды. 2010 жылы бір күміс, 2014 жылы бір қола медальға қол жеткізді», – жазды ҰОК ресми сайты.

2018 жылы да Қазақстан Олимпиаданы бір қола жүлдемен аяқтады. Ал 2022 жылғы ойындарда құрамамыз медаль ала алмады.

Қазақстан құрамасы Италияда өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын бір алтын медальмен аяқтады.

«Ел қоржынына жалғыз жүлдені мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров салып, Олимпиадада топ жарды. Ол – осы спорт түрінде Олимпиада шыңына шыққан тұңғыш қазақстандық атанды. Бұған дейінгі ең үздік нәтиже 2014 жылы Сочиде Денис Тен еншілеген қола медаль еді», – делінген ақпараттта.

Айта кетейік, тәуелсіздік кезеңінде қысқы Олимпиадада чемпион атанған қазақстандықтар – шаңғышы Владимир Смирнов пен мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров.

Мұның алдында әлемге танымал актер Джеки Чанның қазақстандық спортшы Михаил Шайдоровты ерекше тәсілмен құттықтаған еді.

Сондай-ақ оқыңыз