Lifestyle

Сабина таңғы жетіде әкесіз өсіп жатқан қызы үшін көз жасын төкті

Бұл видео Сабинаға қатты әсер еткен / фото: Instagram
Бұл видео Сабинаға қатты әсер еткен / фото: Instagram

Актриса және блогер Сабина Мовлаева түнімен ұйықтамай, таңғы жетіде әкесіз өсіп жатқан қызы үшін жылап шыққанын айтты.

Сабина оқырмандарымен жан жарасы туралы жасырмай әңгіме қозғады.

«Таңғы жеті жарым. Мен әлі ұйықтаған жоқпын. Неге екенін білесіз бе? Түнде бір видео көрдім. Содан бері тоқтамай жылап жатырмын. Онда жас еркек қызын қолында ұстап тұрып: «Ертең қызыма біреу тиіссе, басқа жігітпен кездессе, не боларын білмеймін», – деп қатты қызғанып өліп бара жатыр», – дейді актриса.

Бұл видео Сабинаға қатты әсер еткен. Көз жасын еріксіз төгуіне түрткі болған.

«Мен өз өзімді жеп жатырмын. Софияға дұрыс әке таңдамадым. «Қызым бұған лайықты болмады ма?» дегендей. Қызым әкесімен араласпайды. Көрмейді. Кездессе де, анда-санда. Жарты жылда бір рет қана», – деді блогер.

Сонымен қатар, Сабина жас қыздарға жарды қалай таңдау керек екені туралы да кеңес берді.

«Қыздар, күйеуге өліп шығып кетпеңдерші. Ең бірінші балаларыңызға дұрыс әке іздеңіздер. Әйтпесе, ертең опық жейсіздер. «Қызымның дені сау», «анау», «мынау» деп өзімді алдай беремін. Бірақ кейде жүрегіме қатты батады. «Қашан мен күнә жасап үлгердім» деген ойлар мазалайды», – деп актриса көзіне жас алды.

Мұның алдында Дана Тұрарбек Жанар Айжановадан кешірім сұраған болатын.