Тауда қар көшкіні қаупі күшейді – ТЖМ азаматтарды уақытша бармауға шақырды
Жарияланды

Алматы қаласының таулы аймақтарында қар көшкіні қаупінің жоғары болып тұр. Төтенше жағдайлар министрлігі ескерту жасады.
ТЖМ азаматтарға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды, таулы аймақтарға барудан уақытша бас тартуды ұсынып отыр. Қазіргі таңда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қар көшкіні қаупі бар учаскелерде блок-бекеттер қойылған.
«Таулы аймақтарға баруды жоспарлау кезінде қалыптасқан ауа райы жағдайларын және уәкілетті қызметтердің ресми ескертулерін ескерулеріңізді сұраймыз», – делінген ескертуде.
Мұның алдында министрлік Алматыда жер сілкінісіне байланысты психологтар көмегіне жүгінуге болатын «сенім телефоны» ашылғанын хабарлаған еді.