Жаңалықтар

23 ақпанда таңертең Қытайдың Шыңжаң өңірінде жер сілкінді

сейсмограф жер сілкінісі сілкінді
Қазақ-қытай шекарасындағы тауларда үнемі жер сілкініп тұрады / фото: shutterstock

23 ақпанда Астана уақытымен сағат 09:12-де Қытайдың Шыңжаң өңірінде жер сілкінді. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақ Ұлттық деректер орталығының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Көрші елдегі дүмпуді Қазақстандағы сейсмикалық станциялар да тіркеді. Ұлттық орталық дерегінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5,1 балл болды.

Дүмпу ошағы Такла-Макан шөлінде орналасқан. Оған ең жақын жатқан елдімекен – Шаяр қаласы (70-80 км).

Ол жерден қазақ-қытай шекарасына дейін – шамамен 420 км, ал Алматы қаласына дейін – шамамен 610 км.

Естеріңізге сала кетейік, 17 ақпанда Алматы облысы аумағында 5 балдық жер сілкінісі болған. Оның әсерін Алматы қаласының тұрғындары да сезген. Екі тәуліктен соң – 19 ақпанда қазақ-қытай шекарасына жақын маңда қуаты 5,7 балдық жерасты дүмпуі болған.