24 ақпанға арналған ресми доллар бағамы

Жарияланды 23 Ақпан 2026 15:57

Талғат Дүйсенбек

Талғат Дүйсенбек

Business News бөлімінің тілшісі t.bukharbaev@kursiv.media
доллар мен теңге бағамы
фото: shutterstock

24 ақпанға арналған доллар бағамы мәлім болды. Қазақстан қор биржасында (KASE) сағат 15:30-да 1 доллар 497,33 теңге болды. Ұлттық банк осы бағаны сейсенбіге ресми бағам деп белгілейді.

Дүйсенбі, 23 ақпан күні доллар 1,29 теңгеге нығайды. Осылайша ұлттық валюта бағамы ақпанның басындағы бағаға қайтты.

Естеріңізге болса, 18 ақпанда доллар 489 теңгеге дейін құнын жоғалтқан. Бірақ өткен аптаның соңында АҚШ валютасы 500 теңгелік межеге қарай қайта көтеріле бастаған.

Елдегі валюта айырбастау мекемелерінің кейбірінде көк қағаз 500 теңгеден жоғары бағаға сатылып жатыр. kurs.kz мәліметінше, қазір Алматы қаласында 1 доллар 495 теңгеден қабылданып, 498 теңгеден сатылады. Астанада, әдеттегідей, бағам сәл жоғары – 994 және 501 теңге.

Жақында Ұлттық банк өкілі референдум мен сайлаудан соң доллар күрт қымбаттап кетпей ме деген сауалға жауап берген.

Сондай-ақ оқыңыз