БҚО-да шенеунік жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қылмыстық іс қозғалды / Фото: Shutterstock

Батыс Қазақстан облысында шенеунік жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы жергілікті «Уральская неделя» жазды.

Шыңғырлау ауданында қылмыстық іс қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы негізінде қозғалған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қыздың әкесінің сөзінше, 2 қаңтарда 57 жастағы ер адам кәмелетке толмаған қызды алдап, үйіне кіргізген. Осы жағдайдан кейін әкесі полицияға арызданған, күдікті ұсталған.

«Ол жасаған әрекетін мойындады. Қызым да оны таныды. Алайда полиция оны үйіне жібере салды. Содан кейін (күдікті) мені телефон арқылы қорқытып, үркіте бастады», – деген қыздың әкесі.

Полиция мәлімдемесі

KursivMedia істің мән-жайын Батыс Қазақстан облысы полициясынан сұрады.

Полицияның хабарлауынша, 2 қаңтарда Ақсай қаласы тұрғынынан 16 жастағы қызына қатысты құқыққа қарсы әрекеттер жасалғаны туралы полицияға арыз түскен. Содан кейін қылмыстық іс қозғалған.

«Тергеу барысында хат алмасу және істі жан-жақты, объективті тергеу үшін маңызы бар өзге де деректер анықталды. Қазір арызданушы мен оның қызы әрекеттің зорлық сипаты болмағанын, қарым-қатынас өзара келісім негізінде болғанын мәлімдеді», – деп хабарлады полиция.

Соған қарамастан тергеу жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз