Александр Машкевичке тиесілі болған мекеме шетелдік компанияның иелігіне өтті

Патох Шодиев, Ибрагимовтер әулеті мен Машкевичке тиесілі болған «Еуразиялық өнеркәсіптік компаниясының» құрылтайшылар құрамы ауысты. 2025 жылдың көктемінде қайтыс болған миллионерге тиесілі үлес енді Бірікке Араб Әмірліктерінде тіркелген CENTRAL ASIAN DMCC компаниясының меншігіне өтті. Бұл туралы қаржы есебі депозитарийіндегі хабарламада жазылған.
Осы өзгерістерден кейін компанияның 10% және одан да көп дауыс беретін акцияларына иелік ететін негізгі акционерлердің тізімі мынадай болып қалыптасты:
- Ибрагимова Мукадасхан
- Патох Шодиев
- CENTRAL ASIAN DMCС.
«Еуразиялық өнеркәсіптік компаниясы» арқылы аталмыш үштік бірнеше активті басқарады. Олардың қатарында жер учаскелері мен ангарларды жалға беретін «Альтаир Эйр» кәсіпорны, «Боралдай» әуежайы және «Жайлау» гольф-клубын басқаратын «Көкмайса» ЖШС-нің 52% үлесі бар.
Машкевичтің байлығы
Марқұм Александр Машкевичтің дәулеті көптеген жылдар бойы тау-кен өндірісі, металлургия және қаржы секторларындағы ірі активтермен байланысты болды. Forbes мәліметтеріне сүйенсек, оның байлығы 3,7 млрд долларға дейін жеткен.
Ол Шодиев және Ибрагимовтермен бірлесіп әлемдегі феррохром мен кобальт өндіретін жетекші холдингтердің бірі – Eurasian Resources Group (ERG), сондай-ақ «Еуразиялық банк» АҚ-на иелік еткен.
Бұған дейін Financial Times басылымы кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліптің Машкевич пен Шодиев әулеттерінен ERG-дің 40% акциясын сатып алу мүмкіндігін де қарастырып жатқанын хабарлаған. Келісім сомасы 1,4 млрд долларды құрауы ықтимал.
Алайда ERG компаниясы өз акционерлерінің бірі 40 пайыз акциясын сатып жатқанын жоққа шығарды.