Жаңалықтар

«Қарындаш қолдануға болмайды»: референдумда нені ескеру қажет

Референдум 15 наурызда өтеді/фото: kursiv.media

Референдумда таңдау жасаған кезде қарындаш қолдануға болмайды. Сондай-ақ өз бетінше дауыс бере алмайтын азаматтар сенімді адамның көмегіне жүгіне алады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы мүшесі Азамат Мақсұтұлы айтты.

Айтуынша, бюллетень жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырылады. Азамат оны жеке толтыруы керек.

«Бюллетеньді өз бетінше толтыруға мүмкіндігі жоқ азамат өзі сенетін адамның көмегін пайдалануға құқылы», – дейді Мақсұтұлы.

Отбасыда сырқат адамның дауыс беруін қамтамасыз ету үшін туыстары 15 наурыз сағат 12:00-ге дейін жазбаша өтініш беруге тиіс. Сондай жағдайда азамат үйінде референдум комиссиясының екі мүшесі жіберіледі.

Басқа өңірге болатындар не істейді?

Комиссиясы мүшесінің айтуынша, тұратын жерін өзгерткен азаматтар «есептен шығу» арқылы референдумға қатыса алады.

«Дауыс беруге 15 күн қалғанда және дауыс беруден бір күн бұрын кешкі сағат 18:00-ге дейін учаскелік сайлау комиссиясы сайлаушының жазбаша өтініші бойынша және жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде сайлаушыға «есептен шығару» құжаты беріледі.

«Есептен шығару» туралы құжат бір елді мекен ішіндегі басқа референдум учаскесінде дауыс бергісі келетін азаматтарға берілмейді.

Азаматтар бұл құжатты алдын ала алуға құқылы. Құжат сенімхат арқылы да беріледі.

Шешім қандай жағдайда қабылданды деп саналады?

Референдумға қатысуға құқылы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс беруге қатысқан жағдайда референдум өткізілді деп саналады.

«Егер дауыс беру нәтижесінде референдумға шығарылған мәселе бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісіне дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, шешім қабылданды деп есептеледі», – деді Азамат Мақсұтұлы.

Айта кетейік, референдумда жалпы 10 411 учаске ашылады. Шет 62 мемлекеттерде 80 референдум учаскесі ашылады.