Жаңалықтар

Қазақстан Минсктегі Даму кубогінде Өзбекстанға есе жіберді

Момент матча Казахстан – Узбекистан на Кубке развития в Минске
Қазақстан Минсктегі Даму кубогінде Өзбекстанға есе жіберді / Фото: ҚФФ

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы (17 жасқа дейін) Минскіде өткен футбол кубогының қола жүлдесі үшін өзбек құрдастарына 2:3 есебімен есе жіберді.

Бауыржан Сағындықтың шәкірттері тәжіктерден 3:1 есебімен жеңіп, белорустарға 0:2 есебімен ұтылып, А тобында екінші орын алды, Өзбекстан құрамасы В тобында екінші орын алды.

Қола үшін түйіскен матчта қазақстандықтар 23 минутта есеп ашты. Қайраттық Роман Черноморецтен тамаша пас алып, қарағандылық Расул Әкімов оны сол аяғымен қарсыластарының қақпасына гол соғып, 1:0 болды.

Екінші таймда тағы бір «Шахтер» футболшысы Мейрам Балтабаев екі мәрте көзге түсті. 42-минутта қарағандылық қапталдан теуіп есепті 2:0 етсе, ал 54-минутта абайсызда өз қақпамызға доп соқғып, есеп 2:1 болды. Бұдан кейін өзбек футболшылары екі гол соқты.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАМУ КУБОГЫ-2026

1 тур. 19 ақпан

⚽ МИНСК (U17) – Қазақстан (U17) 1: 3, БЕЛАРУСЬ (U17) – Тәжікстан (U17) 6: 1, Әзербайжан (U17) – Ресей (U17) 1: 7, БЕЛАРУСЬ (U16) – Өзбекстан (U17) 0: 0

2 тур. 20 ақпан

⚽ БЕЛАРУСЬ (U17) – Қазақстан (U17) 2: 0, МИНСК (U17) – Тәжікстан (U17) 0: 1, Әзербайжан (U17) – Өзбекстан (U17) 1: 3, БЕЛАРУСЬ (U16) – Ресей (U17) 0: 1

3 тур. 21 ақпан

⚽ Қазақстан (U17) – Тәжікстан (U17) 3: 1, БЕЛАРУСЬ (U17) – МИНСК (U17) 1: 0, Ресей (U17) – Өзбекстан (U17) 3: 2, БЕЛАРУСЬ (U16) – Әзербайжан (U17) 0: 1

Халықаралық жасөспірімдер турнирі Даму кубогы Минскіде 2005 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Қазақстандық футболшылар оған жеті рет қатысты. Екі рет, 2021 және 2023 жылдары біздің жігіттер екінші орынды иеленді.