Қазақстан Таяу Шығысқа әскери контингенттің үшінші легін жібергелі жатыр

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: gov.kz

Қазақстан БҰҰ миссиясы аясында Таяу Шығысқа ұлттық бітімгерлік контингенттің үшінші легін жіберуге дайындалып жатыр. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов ұлттық бітімгерлік контингенттің әскери қызметшілерімен кездесті.

Бөлімше командирі, подполковник Ілияс Алматовтың баяндауынша, жеке құрам миссияны орындауға толық дайын және дайындық халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізілген.

«Бітімгерлік операцияға қатысу – үлкен мәртебе әрі зор жауапкершілік. Қазақстандық контингент ел басшылығы мен БҰҰ миссиясы қолбасшылығының сенімі мен құрметіне ие. Сіздер елімізді лайықты түрде танытасыздар деп сенемін», – дейді Дәурен Қосанов.

Инновациялық хаб

«Қазақстан ГАЖ орталығы» АҚ басқарушы директоры Нұркен Ержанов министрге Defence Tech кеңсесін таныстырды. Сөзінше, бұл – қорғаныс саласына арналған көпфункционалды инновациялық хаб.

Орталық перспективалы әзірлемелерді іздеумен, оларды іріктеумен және идеядан бастап прототип жасауға, пилоттық жобаға дейін сүйемелдеумен айналысады. Сонымен қатар хаб Қорғаныс министрлігінің ведомстволық ұйымдары, ғылыми қауымдастық және стартап-экожүйе арасындағы өзара байланысты күшейтуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыз