Қысқы Олимпиададағы ең бай спортшы кім

Осы жылы Италияда өткен Қысқы Олимпиададағы ең бай спортшы анықталды. Ол – 22 жастағы қытайлық Эйлин Гу. Forbes мәліметінше, ол соңғы бір жылда 23 млн доллар тапқан.
Эйлин Гу – фристайлдан үш дүркін Олимпиада чемпионы. 2019 жылға дейін АҚШ атынан өнер көрсетіп, кейін азаматтығын ауыстырған. 2022 жылы фристайлдың бигэйр мен хафпайл атты түрлерінен алтын алды. Осы жылы бигэйрден тағы да алтын алып, үш рет Олимпиада алтынын тақты.
Ол тек қана спортшы емес, танымал модель. Әлеуметтік желісіне 3 млн адам жазылған. Vogue, Porsche, Red Bull, Tiffany & Co., Louis Vuitton тәрізді ірі брендтермен жұмыс істейді. Табысының негізі бөлігі де осы саладан. Соңғы жылы 23 млн доллар табыс тапса, соның 100 мың доллары ғана спорттан келген. Қалған қаржысы модельдік қызмет арқылы тапқан.
Еске салайық, кеше Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу рәсімі өтті. Қазақстан атынан туды мәнерлер сырғанаудан алтын алған Михаил Шайдоров ұстап шықты. Келесі қысқы ойындар енді Францияда өтуі керек.