Жаңалықтар

Словакия мен Ирландияға қарсы ойындар Түркістанда өтеді

Түркістан арена
фото: Айбар Рысдәулет, Яндекс

Жастар арасында Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі екі матч Түркістан қаласында өтетін болды. «Түркістан Арена» Словакия мен Ирландия құрамаларын қабылдайды. Бұл туралы Kursiv.Media өңір әкімдігінің мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

2027 жылғы біріншілікке іріктеу аясындағы екі ойын биыл наурыздың 27 және 31 күндеріне жоспарланған. Матч басталатын уақыт әзірге белгісіз. Билеттер туралы толық ақпарат алдағы уақытта жарияланады.

Айта кетейік, 2026 жылғы 9 маусымда Қазақстан мен Венгрия құрамалары Түркістан қаласында жолдастық кездесу өткізеді.

«Түркістан-Арена» стадионы 7 мың көрерменге шақталған. Ол 2020 жылғы 30 тамызда ашылған. Стадион құрылысына шамамен 39 млн доллар жұмсалған. Стадионда негізінен жергілікті «Тұран» футбол клубының матчтары өтеді.