Жаңалықтар

Тоқаев президент баспасөз қызметінің экс-басшысын «Барыс» орденімен марапаттады

Тоқаев Президент баспасөз қызметінің экс-басшысын «Барыс» орденімен марапаттады / Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Игорь Романовты III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Ақорда жариялаған ақпаратқа сүйенсек, марапат Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға және мемлекеттік құрылысқа қосқан зор үлесі үшін берілді. Игорь Романов көптеген жылдар бойы орталық мемлекеттік органдарда жұмыс істеген. 1990 жылдары ел президентінің баспасөз қызметін басқарды. Бүгін ол 80 жылдық мерейтойын атап өтуде.

«Барыс» ордені Қазақстан Республикасының мемлекеттілігі мен егемендігін нығайтудағы, бейбітшілікті қамтамасыз етудегі, қоғам мен халық бірлігін нығайтудағы ерекше еңбек сіңірген азаматтарға беріледі. Марапат мемлекеттік, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық қызметтегі жетістіктері үшін, сондай-ақ ұлттар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, ұлттық мәдениеттерді жақындастыруға және өзара байытуға және мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін беріледі.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жапониядағы Император Кубогында «маэгасир» атағын және «Канто-се» арнайы сыйлығын жеңіп алған сумошы қазақстандық балуаны Еркін Балтағұлды II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған еді.