Жаңалықтар

Астана әуежайы бір жарым ай күндізгі уақытта жұмыс істемейді

Из-за ледяного дождя в аэропорту Астаны задержали более 10 рейсов
фото: Астана әуежайы

Астана халықаралық әуежайы алдағы бір жарым ай бойы күндізгі уақытта жұмыс істемейді. 15 сәуір-31 мамыр аралығында ұшу-қону алаңдары уақытша жабық болады деп хабарлайды әуежай баспасөз қызметі.

Әуе порты 10:00 – 18:00 аралығында рейстер қабылдай алмайды. Осы уақытта ұшуы керек халықаралық және ішкі рейстер таңғы немесе кешкі уақытқа ауысады.

Бұған себеп – әуежайда жүргізілетін жөндеу жұмыстары. Аэродромның инфрақұрылымы, белгі беруші құрылғыларды жетілдіру үшін және ұшулардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін жөндеу жүргізілмек.

15 сәуір мен 31 мамыр аралығында билет аламын деген жолаушылар рейс кестесін тікелей әуекомпаниясынан нақтылап алғаны жөн.