
Астанада бірінші ауысымның кіші және орта буын оқушылары ертең үйде қалады, деп хабарлады елорданың білім басқармасы.
«Ауа райының бұзылуына (ауа температурасының төмендеуіне) байланысты 25 ақпанда бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшеді», – делінген хабарламада.
«Қазгидрометтің» болжамы бойынша, 25 ақпанда Астанада жауын-шашынсыз көшпелі бұл, жел 1-6 м/с болады деп күтілуде, түнде ауа температурасы -28…-30°C, күндіз -13…-15°C.
24 ақпанда 9-сыныпқа дейінгі бірінші ауысымның оқушылары да қашықтан оқыды.