Жаңалықтар

Атырауда ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдікті Индонезияда ұсталды

Атырауда бір отбасыны өлтірді деген күдікті Индонезияда ұсталды / Фото: Атырау полициясы

Атырау облысында ерлі-зайыптыларды өлтірді деген күдікті азамат Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұсталды, деп хабарлайды ІІМ.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл нәтижесінде Индонезия Республикасының Ломбок аралындағы Сенару ауылында аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген ер адамды ұстады. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша күдікке алынған», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, онымен бірге бұрын хабар-ошарсыз кетті деп халықаралық іздеуге жарияланған бұрынғы жұбайы да табылған.

Қазіргі уақытта күдікті ер адам мен оның іс-түссіз жоғалған әйелді Қазақстан Республикасына депортациялау мәселесі қарастырылып жатыр.

Еске салайық, Атырау облысы Жангелдин ауылында тұратын төрт ересек адам 2025 жылдың күзіне қарай хабарсыз кеткен. Туыстары полицияға тек 25 желтоқсанда жүгінген, себебі отбасы мүшелері бір айдан астам уақыт бойы байланысқа шықпаған. Кейіннен ерлі-зайыпты Максот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның сүйегі өздері тұрған үй аумағынан табылды.

Істе күдікті ретінде отбасының күйеубаласы Сұлтан Сәрсемалиев танылған едік. Қазір оған және онымен некеде болған Ақбаянға іздеу жарияланған.

Kursiv.Media осы оқиғаның мән-жайын білу үшін арнайы Атырауға барған еді. Оқиға орнынан жазылған репортажды мына жерден оқи аласыз.