Жаңалықтар

БҚО-да жасөспірімді зорлады деген мемқызметкер жұмыстан босатылды

шенеунік әкім орынбасары сөгіс іс жауап
Шенеунікке қатысты тергеу жалғасып жатыр/фото: shutterstock

Батыс Қазақстан облысында жасөспірімді зорлады деген күдікке ілінген мемлекеттік қызметкер атқарып отырған қызметінен босатылды.

Бұған дейін ер адамға қатысты Шыңғырлау ауданында қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы негізінде қылмыстық іс қозғалған. 

Жергілікті полицияның хабарлауынша, тергеу нәтижесінде кәмелетке толмағанға қатысты күш қолдану фактісі анықталған жоқ.

«Бұл жайтты жәбірленушінің өзі және анасы да растап, күдіктіге қатысты қандай да бір шағымы жоқ екенін, қарым-қатынастың өзара келісім негізінде болғанын мәлімдеді», – делінген ақпаратта.

Күдікті аудан әкімдігі бөлімдерінің бірінде қызмет атқарған. Арыз тіркелгеннен кейін ол атқарып отырған қызметінен босатылды.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр.