Жаңалықтар

Екі өңірде ауа райына байланысты қозғалыс шектелді

ауа райы
Екі өңірде ауа райына байланысты қозғалыс шектелді / Фото: Shutterstock

Қазақстанның екі өңірінде ауа райының нашарлауына байланысты қозғалыс шектеулері енгізілді, деп хабарлайды «Қазавтожол»ҰК баспасөз қызметі.

Жамбыл облысында сағат 20:00-ден бастап «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының учаскесінде (159-238 км, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі учаскі) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектелген. Көлік ескі Қордай асуы арқылы жүре алады. Шамамен қозғалыс 25 ақпанда сағат 09:00-де ашылады деп жоспарлануда.

Абай облысында сағат 21:30-дан бастап «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» республикалық трассасының учаскесінде (910-1087 км, Қалбатау ауылынан Боғас ауылына бұрылуға дейін) дизельді қозғалтқыштары бар жолаушылар рейстік автобустары мен автомобильдеріне шектеулер енгізілді. Қозғалыстың ашылуының алдын ала уақыты – 25 ақпан сағат 09: 00.

Жолдардың жай-күйі туралы қосымша ақпаратты колл-орталықтың 1403 телефоны арқылы тәулік бойы алуға болады.

Солтүстік пен шығыста аяз күтіледі, оңтүстікте жауын-шашын болады. «Қазгидромет» 25 ақпанға ауа райы болжамын ұсынды.