Жаңалықтар

Хаббл қара материядан тұратын бүтін бір галактиканы тапты

Олардың айналасында тек әлсіз шашыраңқы сәуле ғана болған / фото: Science
Олардың айналасында тек әлсіз шашыраңқы сәуле ғана болған / фото: Science

Хаббл қара материядан тұратын бүтін бір галактиканы тапты. Ол түгелдей дерлік толықтай қара материядан тұрады.

Science ақпаратына қарағанда, астрономдар оны «бүгінгі күнге дейін табылған «қараңғы галактикалардың» ішінен ең лайықты үміткер» деп атап отыр.  

Қара материя – гравитациялық күші арқылы барлық галактикаларды біріктіріп ұстап тұрады деп есептелетін құпия зат.

Ғалымдар Hubble Space Telescope атты ғарыш телескопының мұрағаттық суреттерін зерттеген. Әлсіз галактикалардың өзінде жарқырап көрінетін жұлдыз шоғырлары – шар тәрізді шоғырлардың ерекше топтарын іздеген. Соның нәтижесінде олар қуатты гравитациялық өріс әсеріне түскені байқалатын төрт галактикадан тұратын тығыз топты анықтады.

Алайда олардың айналасында тек әлсіз шашыраңқы сәуле ғана болған. Әдеттегі галактикадағы миллиардтаған жарық жұлдыздардың орнына бар-жоғы аз ғана жұлдыздар шоғыры көрінген.

Зерттеу тобы бұл нысанды «Қараңғы галактика-2» үміткері (CDG-2) деп атап, оның құрамының 99,9 пайыздан астамы қараңғы материядан тұрады деп бағалап отыр.

Мұның алдында ғаламды өзіне тартып жатқан ғарыш құпиясы туралы жазған едік.